Қытай мен Қазақстан кәсіби және техникалық кадрларды бірлесіп дайындайтын болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 наурыз
Қытай мен Қазақстан кәсіби және техникалық кадрларды бірлесіп дайындайтын болды

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы 2 наурызда Қытайдың Тяньцзинь қаласында Тяньцзинь кәсіптік университеті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Қазақстанда Любань шеберханасын құрудағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Университеттер машина жасау саласында техникалық кадрларды бірлесіп даярлау үшін Қытайдың озық технологиялары мен жабдықтарын пайдалану жөніндегі жобаны іс жүзінде іске асыруға уағдаласты. Болашақта шеберхана «электромобильдер», «3D басып шығару», «өндірісті автоматтандыру» және басқа да салаларды қоса алғанда, ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Любань шеберханасы жобасын іске асыру Қазақстанның кәсіби және техникалық кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандырады. Жоба 2022 жылы Қытай мен Қазақстан мемлекеттерінің басшылары қолжеткізген келісім шеңберінде іске асырылып жатыр.

Любань шеберханасы - бұл Қытайдағы кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық жобасы. 2500 жыл бұрын өмір сүрген әйгілі қытайлық шебер және өнертапқыш Любаньнің есімімен аталады. Бұл жобаның мақсаты - шетелдік техникалық колледждер мен университеттерге кәсіптік-техникалық білім беру орталықтарын бірлесіп құру арқылы кәсіптік және техникалық кадрларды даярлауға көмек көрсету. Бүгінгі таңда әлемнің 21 елінде 26 Любань шеберханасы ашылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото