Сычуань өлкесінің бірегей тағамы Баонин тоқашы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сычуань өлкесіндегі ұлттық тарихи және мәдени қала – Ланчжун. Ол ежелгі уақытта Баонин деп аталған. Шыққан жерінің атымен аталған Баонин тоқаштарының (буға пісірілген нан) бірнеше ғасырлық тарихы бар. Баонинде буға пісірілген тоқаштар 21 процесс арқылы өңделеді. Қазаннан шығарғаннан кейін оларға жеуге болатын қызыл таңба басылады, ол «сатуға арналған» дегенді білдіреді.

Ежелгі Ланчжун қаласында туризмнің өркендеуімен буға пісірілген Баонин тоқаштары ерекше жергілікті тағамға айналды. Оны қалаға келуші туристер де ұнатып жейді. 2006 жылы Баонин тоқашы елдегі «Қытайдың тарихи брендтерінің» алғашқы партиясы ретінде қабылданды. 2013 жылы Наньчун қалалық Халық Үкіметі буға пісірілген Баонин тоқаштарын материалдық емес мәдени мұра деп жариялады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото