Ел бойынша жедел жеткізу бизнесінің көлемі 20 миллиард данадан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 наурыз

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік пошта бөлімшесінің мониторинг деректері 8 наурыздағы жағдай бойынша Қытайдағы жедел жеткізу бизнесінің көлемі биыл 20,09 миллиард жөнелтілімге жеткенін көрсетті.

Мемлекеттік пошта бөлімшесінің мәліметінше, биылғы жылы бүкіл ел бойынша алғашқы 10 миллиард жедел жеткізу жөнелтілімі үшін 39 күн, ал екінші 10 миллиард жөнелтілім үшін 28 күн жұмсалған. Бұл жедел жеткізу индустриясының өміршеңдігін айқындайды.

Қазіргі уақытта ел бойынша ауылдық жерлерге күн сайын 100 миллионнан астам жедел жөнелтілім орындалады. Бұл өнеркәсіптік өнімдердің ауылдық жерлерге және ауылшаруашылық өнімдерінің қалаға жетуіне арналған саланы кеңейте түседі. Осы ретте ауылға жеткізудің логистикалық жүйесін жедел іске қосу және жедел жеткізіліммен қамту деңгейін үнемі арттыру арқылы сала индустриясының тұтыну деңгейін жоғарылатуға, үздіксіз экономикалық айналымға ықпал етуге мүмкіндік мол. Сондай-ақ қалалық және ауылдық жердегі тауардың өзара алмасуында, ауылдық тұтынуды кеңейтуде және ауылды жандандыруда логистиканың рөлі де жоғарылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото