Си Цзиньпин: Біз даму мен қауіпсіздікті тиімді үйлестіруіміз керек

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 наурыз

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Си Цзиньпин 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясында маңызды сөз сөйледі.

Си Цзиньпин даму мен қауіпсіздікті тиімді үйлестіру керектігін айтты. «Қауіпсіздік ― дамудың негізі, ал тұрақтылық ― қуаттанудың алғышарты. Ұлттық қауіпсіздіктің басым көзқарасын дәйектеу, ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, ұлттық қауіпсіздікті сақтау қабілетін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті басқару деңгейін жоғарылату, әлеуметтік басқару жүйесін кемелдендіру және қауіпсіздіктің жаңа түрі арқылы дамудың инновациялық моделін қамтамасыз ету керек. Ұлттық қорғаныс пен армияны модернизациялау саласына жан-жақты ықпал етіп, халық армиясын ұлттық егемендікті, қауіпсіздік пен даму мүдделерін тиімді қорғайтын берік қорғанға айналдыру қажет».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото