Қытай шетелдік визаның барлық түрін беруді жалғастырады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 наурыз

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің Консулдық департаментінің мәліметі бойынша, шетелдегі қытайлық виза агенттіктері трансшекаралық сапарларды жеңілдету мақсатында, 15 наурыздан бастап шетелдіктерге виза түрлерін беруді қалпына келтіреді.

2020 жылдың 28 наурызына дейін берілген және мерзімі аяқталмаған визалары бар шетелдіктердің Қытайға кіруіне рұқсат беріледі.

Еліміз сонымен қатар заңды себептермен өтініш берушілер үшін әртүрлі порт визаларын беруді қалпына келтіріп, Хайнань өлкесі сияқты аймақтарға визасыз кіруді жалғастырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото