Трансшекаралық электронды коммерция сыртқы сауда компанияларына нарықты кеңейтуге ынталандырады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 наурыз

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 18 наурызда Фучжоуда Қытайдың үшінші трансшекаралық электронды коммерция көрмесі ашылды. 70 000 шаршы метрді құрайтын көрме залында Бүкіл ел бойынша 20-дан астам өлке мен қаладан қатысқан 60-тан астам сала бар. Цзянсу, Цзилинь, Шаньдун, Чжэцзян, Чунцин және басқа жерлерден келген 30-дан астам электронды коммерция қауымдастығы көрмеде сауда жасау үшін топтар ұйымдастырды.

Көрмеге Alibaba International, Made-in-China.com, Amazon және басқа да отандық және шетелдік трансшекаралық электронды коммерция платформалары қатысты. Alibaba халықаралық стансасының деректері бойынша, шетелдік тапсырыстарға сұраныс биыл ақпан айынан бастап артқан, әсіресе наурыз айындағы сыртқы сауда қарқынды көтерілген, жандану үрдісі жалғасып жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото