Шыңжаңда наурыз мейрамы тойланды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 наурыз

Видеоны Текес ауданының медиа орталығы ұсынады

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы әр ұлт халқы дәстүрлі Наурыз мейрамын қарсы алуға дайындалды. Жергілікті дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сәйкес, наурыз қарсаңында ағаш отырғызып, арықтарды тазалап, аулаларды сыпырып, қонақтарға сәнді дастарқан дайындалады.

Текес ауданының Ақтас ауылындағы Елзаттың отбасы ерте тұрып, жаңа киімін киіп, наурыз көже дайындауға кірісті. Көже дайын болғаннан кейін көршілерді, туыстар мен достарды көже ішуге шақырып, «ескі ай есіркесін, жаңа жарылқасын» деп жаңа жылда ақ тілектерін айтып, құт-береке тіледі.

Наурыз мейрамы ― Еуразиядағы көптеген этникалық топтың дәстүрлі мерекесі. Ол көктемнің келуін қарсы алу үшін жыл сайын шамамен 21 наурызда көктемгі күн мен түннің теңелуіне қарай өткізіледі. Қытайдың Шыңжаңында ұйғыр, қазақ, қырғыз, өзбек және тәжік сияқты этникалық азшылықтар үшін Наурыз жыл сайын атап өтілетін дәстүрлі мереке саналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото