Шыңжаңнан 40-тан астам ежелгі дабыл мұнарасы табылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 наурыз
Шыңжаңнан 40-тан астам ежелгі дабыл мұнарасы табылды

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 19 наурыз күні Қытай археологтары соңғы үш жылда Шыңжаңның Құмыл қаласында Таң және Цин әулеттерінің 44 дабыл мұнарасы табылғанын хабарлады. Өткен жылдың соңына қарай Құмыл қаласынан жалпы 106 ежелгі дабыл мұнарасы табылған болатын. Бұл Құмыл қаласын Шыңжаңдағы дабыл мұнараларына бай өңірлердің біріне айналдырды.

Солтүстік-батыс университетінің Жібек жолын бірлескен археологиялық зерттеу орталығының докторанты Чжан Кунь Құмыл қаласы Ұлы Жібек жолының басында орналасқанын және тарихтағы хандықтар Құмылда көптеген дабыл мұнараларын қалдырғанын айтты. Жаңадан табылған дабыл мұнараларының ішінде Таң әулетінің дабыл мұнаралары балшық пен тастан жасалған. Ал Цин әулетінің дабыл мұнаралары негізінен сары топырақ балшықтарынан орнатылған. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото