Бас кедендік басқару: Қытайдың сыртқы сауда беталысы жақсаруда

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 наурыз

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Бас кеден басқармасының директоры Юй Цзяньхуа елдің сыртқы саудасы осы жылдан бастап тұрақты түрде өсе бастағанын жеткізді.

Юй Цзяньхуа баспасөз мәслихатында Қытайда экспорттық тауарларға пайдаланылатын контейнерлердің саны ақпан айының соңынан бастап көбейгенін айтты.

Басқарма директоры нақтыланған деректер осы жылдың ақпан айынан бастап еліміздің сыртқы саудасы жақсарып келе жатқанын көрсетеді деп мәлімдеді. «Еліміздің сыртқы тауар саудасы 0,8%-ға қысқарғанына қарамастан, үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында экспорттың жалпы көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 0,9%-ға жоғарылады. Бұл көрсеткіш жоспардағыдан асып түсті».

Юй Цзяньхуаның айтуынша, аталмыш кезеңде жаңа экспорттық тапсырыстардың ұлғаюы туралы хабарлаған сауда компанияларының үлесі өскен. Сол сияқты электромобильдер, литий-ионды аккумуляторлар мен күн панельдерінің жалпы экспорты ұлғайған. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото