Ауғанстанның солтүстігінде жер сілкінісі болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 наурыз

22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ауғанстанның Уақытша үкіметінің Ұлттық апаттарға қарсы күрес және гуманитарлық істер министрлігі 21 наурызда түнде Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан өлкесінде 6,5 балдық жер сілкінісі болғанын, ал астанасы Кабул мен оның айналасындағы өңірлер жер сілкінісін сезінгенін айтты.

АҚШ Геологиялық қызметінің жер сілкінісі туралы ақпарат желісінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі Кабул уақыты бойынша 21 наурыз 21:17-де болған. Эпицентрі Бадахшан өлкесіндегі Джурмның оңтүстік-шығысынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде, 187,6 шақырым тереңдікте болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото