Күн энергиясын өндіру үшін инвестиция көлемі артып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 наурыз

22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 21 наурызда Ұлттық энергетика басқармасы қаңтар-ақпан айларында ұлттық электр энергетикасы бойынша статистиканы жариялады. Ақпаратқа сәйкес, қаңтардан ақпанға дейін бүкіл елдегі негізгі ірі энергия өндіруші компаниялар энергетикалық жобаларға 67,6 миллиард юань инвестиция салған. Бұл өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 43,6%-ға өскенін көрсетеді. Олардың ішінде атом энергетикасы 8,7 млрд юаньды құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 44,8%-ға өсті. Ал күн энергетикасы 28,3 млрд юаньды құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 199,9%-ға өсті.

Ақпан айының соңындағы жағдай бойынша елдегі электр энергиясын өндірудің жиынтық белгіленген қуаты шамамен 2,60 миллиард киловатт болды, бұл өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға артты. Олардың ішінде жел энергетикасының белгіленген қуаты шамамен 370 млн киловатты құрайды, бұл өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 11,0%-ға артқан. Сонымен бірге күн энергетикасының белгіленген қуаты шамамен 410 млн киловатты құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 30,8%-ға ұлғайған.

Жаңа энергия көздерін дамыту ― жаңа энергетикалық жүйенің құрылысын жеделдету және болашақта тұрақты дамуға қол жеткізу үшін сөзсіз қажетті таңдау. Қазіргі уақытта елімізде энергиямен жабдықтау тізбегінің салыстырмалы түрде толыққанды жаңа жүйесі құрылды. Жел энергетикасы мен фотоэлектрлік энергия өндірісі қолжетімді, субсидияланбайтын және нарыққа бағытталған дамудың жаңа кезеңіне толығымен енді.

Ұлттық энергетикалық басқарманың мәліметтері бойынша, 2022 жылы елдегі жел және фотоэлектрлік генерацияның жаңа орнатылған қуаты 120 млн киловаттан асып, 125 млн киловатқа жетті және үш жыл қатарынан 100 млн киловаттан асты. 2022 жылдың соңына қарай жаңартылатын энергия көздерінің белгіленген қуаты 1,2 млрд киловаттан асып, 1,213 млрд киловатқа жетті. Бұл елдегі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 47,3%-ды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 пайыздық тармаққа жоғары болды.

Ұлттық энергетикалық басқару жоспарына сәйкес, 2023 жылы жел энергетикасының белгіленген қуаты шамамен 430 млн киловаттқа жетеді, ал Күн энергиясының белгіленген қуаты шамамен 490 млн киловатқа жетеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото