Си Цзиньпин Ресей Федерациясындағы мемлекеттік сапарынан Бейжіңге оралды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 наурыз

23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 22 наурыз күні кешке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Ресей Федерациясындағы мемлекеттік сапары аяқталғаннан кейін Бейжіңге оралды.

Қытай Коммунистік партиясының Саяси бюросы тұрақты комиссиясының мүшесі және ҚКП Орталық комитеті бас кеңсесінің директоры Цай Ци, Қытай Коммунистік партиясының Саяси бюросының мүшесі және ҚКП Орталық комитетінің Сыртқы істер жөніндегі комитет кеңсесінің директоры Ван И, мемлекеттік кеңесші және Сыртқы істер министрі Цин Ган және басқа да сапарлас болған лауазым өкілдері сол ұшақпен келді.

Мәскеуден аттанарда Ресей Премьер-министрінің орынбасары Д.Чернышенко және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар делегациямен қоштасу үшін әуежайға барып, салтанатты аттандыру рәсімін өткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото