Қытай қаламгерінің кітабы қазақ тіліне аударылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай жазушысы Ван Мэннің «Әсем көріністі өлке» атты кітабы қазақ тіліне аударылып, жарыққа шықты.

«Шығыс әдебиеті» баспасынан шыққан кітаптың тұсаукесері Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің кітапханасында өтті.

Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулының орынбасары Чжун Хуа «Әсем көріністі өлке» Шыңжаңның бірегей әдет-ғұрыптарын тамаша суреттеп, ұлттар арасындағы түсіністік пен достықтың тереңдігін бейнелейтін, сондай-ақ аймақтық, этникалық, тарихи және мәдени құндылықтарға ие туынды екенін айтты.

ҚР Кітап палатасының төрағасы Әділ Қойтанов Қытай мен Қазақстан жақын көршілер ретінде кітап шығару алмасуларын нығайтуы маңызды екенін, бұл екі халық арасындағы достыққа ықпал ететінін айтты.

Таныстырылым шарасында көрсетілген Ван Мэн мырзаның қазақ тіліндегі бейне үндеуі қазақстандық қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.

«Әсем көріністі өлкенің» қазақ тіліндегі нұсқасының шығуы қазақстандықтар үшін Шыңжаңның әдет-ғұрпы мен әлеуметтік дүниетанымын жан-жақты және объективті түсінуге, сондай-ақ қытай әдебиетінің бай мазмұнын сезінуге мүмкіндік беретін маңызды диалог екеніне отырыстағы жұртшылық бір ауыздан келісті.

Іс-шараны Шыңжаң күнделікті газетінің «Көршілес» журналы ұйымдастыруымен «Шанс» Халықаралық Баспа-медиа тобы мен қазақстандық «Шығыс әдебиеті» баспасы бірлесіп өткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото