Тайкешкен порты алғаш рет Германияға тауар экспорттады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 наурыз

23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 23 наурызда Алтай кеденінде 13,08 тонналық жүк көлігі тіркеуден өткеннен кейін Тайкешкен порты арқылы елден шығып, Моңғолия, Литва, Польша елдерін басып өтіп, Германияға жетті. Осылайша Тайкешкен порты Германияға алғаш рет тауар экспорттап отыр.

Тайкешкен порты - Қытайдың Шыңжаңының Моңғолиямен сауда жасайтын ең маңызды нүктесі, сонымен қатар «Бір белдеу, бір жолдың» батыс бағыты үшін маңызды көлік арнасы. Жүк Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі Тайкешкен портынан Германияның Берн штатына дейін шамамен 10 000 шақырым жол жүрді.

«Бұл тауар партиясы Гуандун өлкесінен шығып, 5 күннен кейін порттан өтті. Кедендік ресімдеудің тиімділігі өте жоғары болды», - деді Shufan International Transportation Services (Beijing) компаниясы құрлық көлігі департаментінің басшысы Ли Сяошэн. Халықаралық көлік-экспедиторлық компания ретінде ол ұзақ уақыт бойы Шыңжаңның әртүрлі порттары арқылы тауарларды импорттағанын және экспорттағанын айтты. Бұл осы компанияның Тайкешкен порты арқылы Германияға тауарларды бірінші рет экспорттауы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото