2022 жылы елімізде жоғары біліммен қамтудың жалпы көрсеткіші 59,6%-ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында жарияланған Қытай Білім министрлігінің мәліметтері бойынша, 2022 жылы еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны 46,55 миллионнан асып, жоғары біліммен қамтудың жалпы деңгейі 59,6%-ға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайыздық тармаққа жоғарылаған.

Білім министрлігінің мәліметінше, жоғары деңгейлі университеттер тобына сүйене отырып, Қытай негізгі пәнінің білім алушылары үшін барлығы 288 оқу базасы құрылып, 30 000-нан астам үздік студенттерді математика, химия, философия, іргелі медицина және басқа салалардағы негізгі пәндер мен оқуға тартқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото