Диньсиден Қазақстанның Қостанай қаласына халықаралық жүк пойызы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 наурыз
Диньсиден Қазақстанның Қостанай қаласына халықаралық жүк пойызы ашылды

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 25 наурызда Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық жүк пойызы Ганьсу өлкесінің Диньси қаласынан Қазақстанның Қостанай қаласына сәтті жөнелтілді.

Халықаралық жүк пойызына 55 стандартты контейнер, соның ішінде автокөлік бөлшектері, тауарлық автомобильдер, маталар және т.б. құны шамамен 3,03 миллион АҚШ долларын құрайтын жүктер тиелген. Бұл пойыздың тасымалдау қашықтығы шамамен 5170 шақырымды құрайды. Диньси теміржолының жүк стансасынан шыққаннан кейін ол Шыңжаңдағы Қорғас шекарасы арқылы елден аттанып, Қазақстанның Қостанай қаласына жеткізіледі.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасын тереңдете іске асырудың арқасында Ганьсу мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда ауыс-күйісі жиілей түсті. Бұл пойыздың іске қосылуы екі тарап арасындағы сауда үшін жаңа арна ашты. Статистикаға сәйкес, 2022 жылы Қазақстанға Ганьсудың импорты мен экспортының құны 13,44 млрд юаньға жетіп, жылдық есепте 44,9%-ға ұлғайды. Биылдың алғашқы екі айында Қазақстанға Ганьсу өлкесінің импорты мен экспортының құны 1,79 млрд юаньға жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото