Swift: Биыл ақпанда юань әлемдегі ең белсенді бесінші валюта орнын сақтады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 наурыз
Swift: Биыл ақпанда юань әлемдегі ең белсенді бесінші валюта орнын сақтады

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жаһандық банктің қаржы және телекоммуникация қауымдастығының (Swift) соңғы статистикасы 2023 жылдың ақпанында Қытайдың ұлттық валютасы юаньның жаһандық төлемдердегі құны әр ұлттық валюталар арасында бесінші орында тұрғанын көрсетті.

Осы есепке сәйкес, өткен айда халықаралық төлемдердегі юань үлесі 2,19%-ды құрады. Ақпан айында юаньмен жасалған төлемдер 7,52%-ға өсті.

Қаңтармен салыстырғанда әр түрлі валютадағы төлемдердің жалпы сомасы 6,54%-ға қысқарған.

Ағымдағы айда еуроаймақтан тыс халықаралық төлемдерде юань 1,48% үлеспен сегізінші орынға ие болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото