Алматыда көрші өңірлердегі достық пен ынтымақтастық бойынша екінші Қытай(Шыңжаң)–Қазақстан диалогы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 наурыз
Алматыда көрші өңірлердегі достық пен ынтымақтастық бойынша екінші Қытай(Шыңжаң)–Қазақстан диалогы өтті

29 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанға жұмыс сапармен барған Қытайдың Шыңжаң достық биржасының делегациясы Алматы және Қазақстанның тиісті қалалары және обылыстарымен достық пен ынтымақтастық туралы екінші Қытай (Шыңжаң)— Қазақстан диалогын бірлесіп өткізді. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регион ҚКП комитетінің хатшысы Ма Синжуй мен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, сонымен қатар Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин іс-шараға қатысып, сөз сөйледі.

Кездесуде Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы мен Қазақстанның Алматы қаласы достық өңірлік және достық қалалық қарым-қатынас орнату ниеті туралы ниет хатқа қол қойды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысымен, Абай облысымен, Алматы облысымен және Жетісу облысымен достық өңірлік және достық қалалық қатынастар орнату туралы келісімге, сонымен қатар Жетісу облысымен «Қытай-Қазақстан Қорғас Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының жергілікті өзін-өзі басқаруды үйлестіру тетігі туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қойды. Автономиялық регионның қатысты тұлғалары, сондай-ақ Іле Қазақ автономиялық облысының және Қазақстанның тиісті қалалары мен облысының жауапты өкілдері, «Қазақстан теміржол» Ұлттық компаниясы қатарлы кәсіпорындардың өкілдері сөз сөйлеп, екі ел арасындағы көпсалалы ынтымақтастықты нығайту және өзара пайда мен тең ұтысқа жету деңгейін арттыру туралы пікір алмасты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото