Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 наурыз
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

ҚР Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.

Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Асханұлы Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Қазақстанның Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылған еді.

Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындау үшін депутаттардың келісім беруін сұрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото