Си Цзиньпин мен оның ханымы Пэн Лиюань Король Чарльз III пен Королева Камилланы таққа отыруымен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 мамыр

8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның ханымы Пэн Лиюань 6 мамырда Король Чарльз III пен Королева Камилланы таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Си Цзиньпин мен Пэн Лиюань құттықтау хатында қазіргі уақытта әлем терең және күрделі өзгерістермен бетпе-бет келгенін және халықаралық қауымдастық бұрын-соңды болмаған бірқатар сынақтарға тап болғанын атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде Қытай мен Ұлыбритания ұзақ мерзімді және стратегиялық бағытта бейбітшіліктің, дамудың, ынтымақтастықтың және тең ұтысқа жетудің тарихи тенденциясын бірлесіп алға жылжыту керектігі айтылды. Қытай Ұлыбритандық тараппен халықтар достығын нығайту, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, мәдени алмасуды тереңдету, тұрақты және өзара тиімді Қытай-Ұлыбритания қатынастарымен екі елге және бүкіл әлемге бақыт жарату үшін ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото