ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия саммитін басқарады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 мамыр

8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі Хуа Чуньин мынаны жариялады:

Қытай-Орталық Азия саммиті 18-19 мамыр аралығында Шэньси провинциясының Сиань қаласында өтеді. Саммитті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин басқарады. Кездесуге Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев, Қырғызстан Президенті С.Жапаров, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон, Түрікменстан Президенті С.Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеев шақырылады.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 16-20 мамыр аралығында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев, Қырғызстан Президенті С.Жапаров, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон және Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеев Қытайға мемлекеттік сапармен келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото