Халықаралық шай күніне орай: Қазақтың сүтті шайы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 мамыр

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Шай қазақ үшін аса қадірлі, ол дастарханның дәнекері саналады. Әр реткі тамақта шай бірге жүреді, «кісі келді» деп дастархан жайылып, шай құйылып жатады. «кісі кетті» деп шайға тағы да отырады. Кейде үлкендеріміз «шай болмаса басым ауырады» деп айтады. «Үйге келіп, шай ішіңіз» деп шақырып жатады немесе «барып шай ішіп келейік» дейді. Мұндағысы жай шай ғана емес, «бірге ас ішейік» дегені. Демек шай қазақта кәдімгі ас ретінде қабылданып, әдет-ғұрыпына сіңіп кеткен.

Дастархан басында шай іше отырып қаншама сырлар шертіледі, қаншама шаруалар шешіледі. Шәугіміңіз оттан түспесін, шайыңыз қашан да дайын тұрсын!

21 мамырдағы Халықаралық шай күніне орай онлайн «Халық Газеті» ұсынған бейнетүсірілімді тамашалаңыздар!

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото