Цинхайдағы сирек кездесетін жануарлар

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 мамыр
Цинхайдағы сирек кездесетін жануарлар

24 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Цинхай өлкесі Қытайдың солтүстік-батысы мен дүниенің жотасы Цинхай-Тибет үстіртінің солтүстік-шығысында орналасқан. Бұл өлке Қытайдағы ең үлкен ішкі тұзды көл Цинхай көлінің атымен танымал. Цинхай өлкесі Янцзы, Хуанхэ және Ланьцан өзендерінің қайнары болып табылатындықтан, оны «Санцзянюань»(үш өзен қайнары)деп атайды. Мұндағы аумақ кең, жер бедері күрделі, экологиялық жағдайы ерекше және маңызды. Аталмыш өлке альпілік жабайы өсімдіктерге арналған ұрық плазмасының байлық қамбасы және әлемнің биік таулы аймақтарында ең көп шоғырланған биологиялық әртүрлілігі бар аймақтардың бірі. Соңғы жылдары Цинхай негізгі аумақ ретінде ұлттық саябақтары бар қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құруды тездетті. Өлкеде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы өсімдіктер түрлерінің таралуы қалпына келіп, оң өсімді көрсетті.

Барыс - ұлттық бірінші деңгейде қорғалатын «қарлы таулардың патшасы» ретінде белгілі жануар. Соңғы жылдары Цинхай өлкесіндегі қар барысының саны 1200-ден астамға көбейді.

Жайран - ұлттық бірінші деңгейде қорғалатын жануар. Соңғы жылдары Цинхай өлкесіндегі жайранның саны өткен ғасырдың аяғындағы 300-ден 3000-нан астам тұяққа дейін өсті.

Қара мойын тырна - ұлттық бірінші деңгейде қорғалатын тіршілік иесі. Ол үстіртте өсіп, көбейетін әлемдегі бірден-бір тырнаның түрі.

Ақ ерінді бұғы - ұлттық бірінші деңгейде қорғалатын жануар. Оның мінезі тәкаппар, шалғында серуендеуді ұнатады. Ірі бұғылардың ішіндегі құйрығы ең қысқасы, ұзындығы небәрі 10 см ғана.

Шұбар қаздар тек ұшып қана қоймай, жүре де, жүзе де алады. Осы қасиетіне орай ол «теңіз, құрлық, кеңістік» үш мекендегі жұлдыз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото