Шыңжаң-Қорғас теміржол порты биыл Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының 3000-нан астамын жөнелтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 24 мамыр күні сағат 11:30-да Сиань халықаралық портынан тұрмысқа қажетті заттар, электр бөлшектері, киімдер, ойыншықтар және басқа да тауарлар тиелген Қытай-Еуропа пойызы Шыңжаңдағы Қорғас станциясынан елден шығып, Польшаның Малашевич қаласына бет алды. Бүгінгі таңда Қорғас порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының саны 3000-нан асты. Оның жартысынан көбі Орталық Азия пойыздарына тиесілі.

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 10 жыл толады. Осы уақыт ішінде Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының тасымалдау көлемі өсіп, Еуразияны байланыстыратын маңызды көпірге айналды. «Қытайда жасалған» тауарлардың басым бөлігін Қорғас шекарасынан Орталық Азия мен Еуропа нарығына Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздары арқылы жеткізуді таңдайтын болды. Шекара қызметкерлерінің айтуынша, осы жылдан бастап Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері Қытай-Еуропа пойызымен «шетелге шығатын» маңызды тауарға айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото