Қытайда монокристалды кремнийден икемді күн батареялары жасалды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 мамыр

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Өндірісте ультра жұқа, июге болатын күн батареялары пайда болды. Қытайлық зерттеушілер тегіс жиектерді өңдеу технологиясын ойлап тапты. Осы технологиямен жасалған икемді монокристалды кремний күн батареясы қағаз сияқты жұқа. Батареяның қалыңдығы 60 МКМ, оны июге және бүктеуге болады. Зерттеудің тиісті нәтижелері 24 мамырда Nature журналында онлайн жарияланды және ілеспе мақала ретінде таңдалды.

Мақаланың бірлескен авторы Қытай Ғылым Академиясы Шанхай микрожүйелер институтының ғылыми қызметкері Лю Чжэнсин икемді күн батареяларының бұл түрі болашақта ғарышта, экологиялық таза ғимараттарда, портативті қуат көздерінде және тағы басқа салаларда қолданудың кең перспективаларына ие екенін айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото