2023 жылы Шыңжаң-Қорғас автомобиль портынан 30 000-нан астам коммерциялық көлік экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 маусым
2023 жылы Шыңжаң-Қорғас автомобиль портынан 30 000-нан астам коммерциялық көлік экспортталды

13 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдан бастап Шыңжаңдағы Қорғас портындағы коммерциялық көліктердің экспорты қарқынды өсу тенденциясын көрсетті.

Қорғас шекаралық кіріп-шығу пунктінің мәліметтеріне қарағанда, 10 маусымдағы жағдай бойынша Қорғас автомобиль порты арқылы 30 000-нан астам коммерциялық көлік экспортталып, саны 35 000-ға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 95%-ға өсіп, Шыңжаңның сыртқы саудасындағы жаңа бағытын көрсетті.

Көлік құралдарының қауіпсіз және тиімді кедендік ресімделуін қамтамасыз етіп, ресімдеу кезіндегі кедергілер мен қиындықтарды уақтылы жою үшін, Қорғас Үкіметі шекара инспекциясының, кеденнің және басқа да функционалдық бөлімшелердің тығыз ынтымақтастықтағы жұмысын үйлестіріп, шекарадан өту кептелісін, қиындықтарын уақытында шешті. Инспекциялық бөлімшелерге және онымен байланысты кәсіпорындарға бірнеше рет барып, экспортқа шығарылатын көлік құралдарының саны мен ақпаратын алдын ала білуге және шекара инспекциясы мәселелері бойынша келіссөздер мен кездесулер механизмі арқылы қазақстандық шекара инспекциясы бөлімшелерімен сәйкесіп, кедендік ресімдеу процесінде қиындықтар мен проблемаларды шешуге айтарлықтай ықпал етті. Сол арқылы көлік құралдарының күту уақытын тиімді қысқартты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото