52 қабатты ғимаратпен бірдей теңіз жел турбинасы сәтті орналастырылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 маусым

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 28 маусымда еліміз дербес әзірлеген әлемдегі алғашқы 16 мегаватт теңіз жел турбинасы Фудзянь провинциясының солтүстік суларына сәтті қондырылды. Жел турбинасының қамту аймағы 7 футбол алаңына тең. Желдің толық жылдамдығымен бір айналым жасағанда өндірген әлектр энергиясы үш адамнан тұратын отбасының бір апта тұтынуына жетеді. Бір қондырғы жылына шамамен 22000 тонна стандартты көмірді үнемдеп, көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына шамамен 54000 тоннаға азайтады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото