Еуразия жүрегінде: Астанаға 25 жыл

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 шілде

1998 жылы 6 мамырда атауы ресми түрде Астана болып өзгерген Қазақстанның елордасына 25 жыл толды. Ал, 2009 жылдан бері Астана күні Қазақстанда 6 шілдеде аталып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуелі Астана күні 10 маусымда тойланатын. Өйткені, 1998 жылы дәл осы күні жаңа астананы ресми таныстыру шарасы өткен болатын. 2008 жылы «Мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізілді де, ресми мереке ретінде аталып өтетін мереке күні Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне ауыстырылды.

2019 жылы 20 наурызда ҚР Президент өкілеттігін қабылдап алған Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс көтеріп, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Қала Нұр-Сұлтан атауын 2022 жылдың 17 қыркүйегіне дейін иемденді. Өйткені, осы күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото