Шыңжаңдағы Алашанькоу порты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 тамыз

1 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Алашанькоу порты - «Азия-Еуропа құрлықтық көпірі» жаңа экономикалық дәлізінің маңызды торабы және Қытайдың Еуропаға ең жақын порты. Алашанькоу порты Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының кіру-шығуы үшін маңызды арналардың бірі саналады. Осы уақытқа дейін Алашанькоу порты арқылы барлығы 32 000-ға жуық Қытай-Еуропа (Орталық Азиядан) пойызы өтті. Алашанькоу станциясының конверсияланған қоймасында контейнерлермен толық жүктелген Қытай-Еуропа пойызының жүгін алмастыру жұмысы тәртіппен жүріп жатыр.

Алашанькоу порты Шыңжаңдағы Бортала Моңғол автономиялық префектурасында орналасқан. Бұл Қытайдағы ең үлкен және ең көп жұмыс істейтін құрлық порттарының бірі. «Бір белдеу, бір жол» құрылысының ілгерілеуімен Алашанькоу порты арқылы келіп-кететін Қытай-Еуропа пойыздарының саны жылдан жылға артып келеді.

11 шілдедегі жағдай бойынша биыл Алашанькоу порты арқылы 3 520 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы өтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға артық; теміржол тасымалы көлемі 7,478 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға ұлғайды, автомобиль жолдары бойынша 316 700 тонна импорттық және экспорттық жүк тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 228,53%-ға артты. Осылайша екі түрлі тасымал да өсіп, Алашанькоу теміржол портының батысқа есік ашудағы тораптық пунктінің рөлі одан сайын айқындала түсті.

«Қытай стандартты калибрді, ал Қазақстан мен басқа елдер халықаралық кең калибрді пайдаланады. Теміржолдың ұқсамауына байланысты Қытай-Еуропа пойызы елге кіріп-шыққан кезде осы жүк тиеу қоймасында тауарларды тиеу операциясын орындау қажет болады», - деп таныстырды Алашанькоу станциясының жастар лигасы комитетінің хатшысы Чэнь Гань.

Алашанькоуда жылына шамамен 160 күн 8-ші санаттан жоғары желді ауа райы бар. Қатты желдің салдарынан туындайтын контейнер ауыстыру қиындығын шешу үшін қазіргі уақытта контейнер ауыстыруға арналған Азиядағы ең ірі «теміржол жабық қоймасы» салынды, мұнда тәулігіне 24 сағат ауыстыруға болады, жылдық ауыстыру өнімділігі 200 000 TEU. «Төрт алып көпір краны бір уақытта жұмыс істейді және Қытай-Еуропа пойызының жүк ауыстыру жұмысын шамамен 1 сағатта аяқтауға болады», - деді Чэнь Гань.

Статистикаға сәйкес, Алашанькоу станциясы 2011 жылы алғашқы Қытай-Еуропа пойызын қабылдағаннан бері 30 000-нан астам Қытай-Еуропа теміржол пойызына қызмет көрсетті. Импорттық және экспорттық сауданың белсенді дамуымен теміржол көлігі 2012 жылғы айына 3,5 пойыздан қазір күніне орта есеппен 17 пойызға дейін өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото