Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Қазақстанның Білім күнімен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 қыркүйек
Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Қазақстанның Білім күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, Қазақстанның жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

«Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Қазақстанда барлық мектеп миллиондаған шәкіртке есігін айқара ашады. Өскелең ұрпақ – еліміздің ертеңі! Қазақстан жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайды. Ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін. Жастарымыз келешекте Қазақстанға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін. Білім күні құтты болсын!» делінген жазбада.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото