- Барлық ақпарат
Ел бойынша кеме жасаудың негізгі көрсеткіштері қаңтар-тамыз айларында айтарлықтай өсті
22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың кеме жасау өнеркәсібі қауымдастығы 21 қыркүйекте мәліметтер жариялады. Осы жылдан бастап Қытайда аяқталған кеме жасау жұмыстарының, жаңа және қолда бар тапсырыстардың көлемі айтарлықтай өсті.
Қаңтардан тамызға дейін ұлттық кеме жасау бойынша аяқталған жұмыстардың көлемі 27,98 млн тонна дедвейтті құрады. Бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда 16,9%-ға ұлғайды. Жаңа тапсырыстар 52,31 млн тонна дедвейтті құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 86,5%-ға өсті. Қолдағы тапсырыстар 131,55 млн тонна дедвейтті құрап, сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,9%-ға артты.
Қаңтардан тамызға дейін Қытайдың кеме жасау саласындағы үлесі, жаңа тапсырыстар мен қолда бар тапсырыстар сәйкесінше әлемдік нарық үлесінің 49%, 68,8% және 53,9% құрады. Сөйтіп, әлемдегі көшбасшылығын сақтауды жалғастырды.
people.cn © People's Daily Online