- Барлық ақпарат
2022 Ханчжоудағы азия ойындарында Елсияр Қанағатов эстафета алауын жағу рәсіміне қатысты
Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындары – 2022 алауын жағу эстафетасының соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Эстафета алауы Чжэцзян өлкесінің 11 қаласы арқылы өтті: олардың қатарында Хучжоу, Цзясин, Шаосин, Нинбо, Чжоушань, Тайчжоу, Вэньчжоу, Лишуй, Цзиньхуа және Цуйчжоу.
Осыдан кейін ол Ханчжоуға оралды, онда соңғы кезең өтті. Ауқымды эстафетаға 14 пен 84 жас аралығындағы 2000-нан астам алау ұстаушылар қатысты. Олардың қатарында көрнекті спортшылар, жаттықтырушылар және басқа да спорт саласының қызметкерлері, сондай-ақ жұмыс озаттары, қоғам қайраткерлері, қоғамның әртүрлі тараптарының өкілдері және Ханчжоуда Азия ойындарын өткізуге үлес қосқан адамдар бар.
Эстафетаның соңғы кезеңіне 203 адам қатысты. Алауды бірінші болып бадминтоннан Олимпиада чемпионы Чен Ю Фей алып жүрді.
Қазақстан Республикасынан құрметті миссияны ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатовқа сеніп тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Ханчжоуда 2022 жылғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Медальдар спорттың 40 түрінен ойналады. Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензиялар тоғыз түрінен ойнатылады.
people.cn © People's Daily Online