Қытайдың цифрлық баспа индустриясының кірісі 1,35 трлн юаньнан асады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші жақында 13-ші Қытай цифрлық баспа көрмесінен алған ақпаратына сәйкес, 2022 жылы Қытайдың цифрлық баспа индустриясы қуатты даму динамикасын көрсетіп, жалпы табысы 1358,699 миллиард юань болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,46%-ға өсті.

Дәстүрлі кітаптар мен газеттердің цифрлық кірісі өсімді көрсетеді. 2022 жылы интернет журналдардың, электронды кітаптардың және цифрлық газеттердің жалпы кірісі 10,491 миллиард юаньды құрап, 2021 жылғы 10,117 миллиард юаньмен салыстырғанда 3,7%-ға өсті.

Дамушы секторлардың даму серпіні жалғасып келеді. 2022 жылы онлайн білім беруден түскен табыс 262 миллиард юаньды, ал онлайн анимациядан түскен табыс 33,094 миллиард юаньды құрады. 2022 жылға қарай интернет әдебиеті жоғары сапамен дами түсті, жаһандық деңгейге жету үшін сенімді қадамдар жасады және өз ықпалын шетелдерде арттыруды жалғастырады. 2022 жылдың соңына қарай Қытайдың онлайн әдебиеті 16 000-нан астам шығарманы шетелге экспорттады, оның 6 400-ден астамы ресми басылым көруге рұқсат алды, 9 600-ден астамына онлайн аудармалар жасалды. Онлайн-әдебиеттердің шетелдік нарығының көлемі 3 миллиард юаньнан асты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото