Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Головкинді ығыстырып, рейтингіде көш бастады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қазан

Американың әйгілі The Ring журналы орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгерістер бар: рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы басты. Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан алтыға көтерілді.

Екінші орында Доминикан Республикасынан Карлос Адамес, үшінші – кубалық Эрисланди Лара.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті келесідей:

1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),

2. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),

3. Эрисланди Лара (Куба),

4. Сергей Деревянченко (Украина),

5. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания),

6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),

7. Элайджа Гарсия (АҚШ),

8. Феликс Кэш (Ұлыбритания),

9. Лиам Смит (Ұлыбритания),

10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото