Қазақстан халқы 20 миллионға жақындап келеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 қараша

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрады, бұл былтырғыдан 1,41% артық. Бұл туралы finprom.kz жазды.

Биыл жыл басына қарай Қазақстанда 19,8 млн адам болса, жылдық өсім 1,35%. Жалпы, Қазақстан халқының өсу қарқыны 1,28%–1,49% деңгейінде. Ерекшелік 2022 жыл болды. Ол кезде халық санының 3,3% өсуі алғаш рет тіркелді.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, халық саны ең көп өңірлер Алматы қаласы (2,2 млн адам), Түркістан (2,1 млн адам) және Алматы (1,5 млн адам) облыстары. Ең аз Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында: тиісінше 221,5 мың, 531,7 мың және 608,9 мың адам.

Сонымен қатар, бірқатар облыстарда: Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық санының төмендеуі байқалды.

Гендерлік көрсеткіш бойынша жыл басында ерлер саны бір жылда 1,4% өсіп, 9,6 млн адамға, әйелдер саны 1,3% өсіп, 10,1 млн адамға жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото