Қазақстанда цифрлық теңгенің төлем карталары іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 қараша

Алматыда Қаржыгерлердің XI конгресінде ҚР Ұлттық төлем корпорациясы, Visa және қазақстандық үш банк тұңғыш цифрлық теңгенің төлем карталарын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Цифрлық теңге Қазақстанның Ұлттық банкінің цифрлық валютасына байланған және Visa төлем технологияларының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Жаңа төлем карталары Visa карталарын қабылдайтын кез келген төлем терминалдарында қабылданады. Цифрлық теңгені енгізудің бірінші кезеңінде CBDC-карталар ұлттық төлем корпорациясының қызметкерлеріне қолжетімді болады.

Цифрлық теңге әлеуметтік төлемдерді неғұрлым тиімді және жылдам бөлуге, мемлекеттік қаражаттың қозғалысын оңтайландыруға бағытталған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото