Қазақстан Президенті Қазақстан халқы санының 20 млн-ға жетуімен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қараша

Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Kazinform.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды  Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы атанған бес балаға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото