Араб және ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің бірлескен делегациясы Қытайға келеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қараша

20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин 19 қарашада араб және ислам елдерінің Сыртқы істер министрлерінің бірлескен делегациясы 20-21 қараша аралығында Қытайда болатынын мәлімдеді. Делегация құрамында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал, Иордания премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Сафади, Египеттің Сыртқы істер министрі Шукри, Индонезияның Сыртқы істер министрі Ретно, Палестинаның Сыртқы істер министрі Малики және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Таха бар. Сапар барысында Қытай қазіргі Израиль-Палестина қақтығысын бәсеңдетуге, бейбіт тұрғындарды қорғауға және Палестина мәселесін әділ шешуге ықпал ету үшін араб және ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің бірлескен делегациясымен талқылау жиынын өткізеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото