Күшті жел: Қарағанды облысында 60-тан астам ғимараттың шатыры мен қаптамалары зақымданды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қараша

Қазақстанның Қарағанды облысында жарты тәулік ішінде қатты жел 60-тан астам ғимараттың шатыры мен қаптамасын зақымдады. Қазіргі уақытта көшелерді тазалау және электр желісін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

ҚР Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің деректері бойынша 18 қараша сағат 15:55-тен 19 қараша сағат 09:00-ге дейін желдің екпіні 61 ғимараттың төбесі мен қаптамасын жұлып алып, қиратқан. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, Қарағандыда электр сымдарының үзілуі тіркелді. Нәтижесінде қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото