5400 ат күші бар таза электр сүйреткіш кеме пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 қараша

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қарашада Ляньюньган портында еліміз дербес салған 5400 ат күші бар «Юнган № 2» электрлі сүйреткіш пайдалануға берілді. Құрылғының түрлі саладағы әлеуеті дәстүрлі қуат сүйреткіштерімен бірдей. Әрі қоршаған ортаны қорғап, экономикалық және әлеуметтік пайданы жоғарылатады. Электр кеме саласындағы жетекші отандық компания Қытай кеме жасау корпорациясының 712-нші ғылыми-зерттеу институты электр қозғалтқыш бөлімінің директоры Мэн Дэдон кеменің қазіргі уақытта әлемдегі жетекші таза электрлі сүйреткіш екенін айтты.

«Юньган №2» сүйреткішінің жалпы ұзындығы 39 метр, ені 10,8 метр. Толық жүктеме кезінде 4,8 метрге дейін шөгеді. Аккумулятордың белгіленген сыйымдылығы 7 224 кВт*сағ. Аккумулятор сыйымдылығы үлкен болғандықтан, қуаты әлемдегі жетекші орынды иеленеді. Құрылғы жылына шамамен 300 тонна отын үнемдеп, көміртегі оксидтерін 900 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. 3 сағаттан аз уақыт ішінде толық қуатталып, 12 сағаттық жұмыс ұзақтығын қамтамасыз етеді. Ляньюньган портының жоспарына сәйкес, 2024 жылы Порт аймағында 4 электр сүйреткіші жұмыс жасайтын болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото