Бұатала, Шыңжаң: Өнеркәсіптік интеграцияны жеделдеткен порт облысы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 қараша

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бұратала - моңғол тілінен аударғанда «бурыл дала» дегенді білдіреді. Ол - «Батыстағылар үшін киелі мекен, әлемге ашылатын қақпа». Бұл өлкенің тауы асқақ, суы тұнық, табиғаты сұлу. Арналы көл, жасыл жайлау мен сазды алқап Бұраталаның мейірімді және жомарт тұрғындарын құшағына алып жатыр.

Ежелгі Жібек жолының жаңа Солтүстік жолындағы бұл түйін қазіргі уақытта батыс елдеріне ашылудың алдыңғы қатарында тұр. Әрі Жібек жолы экономикалық белдеуінің «орталық арнасындағы» ішкі және шетелдік маңызды байланыс торабына, импорт пен экспорттың негізгі нарық жүйесіне айналды. Осы жерден таралатын годжи жидегі отандық және шетелдік тұтынушылардың ас мәзірінен табылса, ал «Қытайда жасалған» деген белгісі бар бұйымдарды тиеген «болат түйе» керуендері осы жерден Азия мен Еуропаға аттанады ... Бұратала Қытай мен Еуропа арасындағы экономикалық және сауда алмасуларының алтын көпірі арқылы Қытай мен бүкіл әлемге ашықтықтың нәтижесін бөлісуге ықпал етіп келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото