Қытайда электр энергиясын өндіруге арналған алғашқы жартылай суасты теңіз фотоэлектрлік платформасы пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 қараша

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қарашада Шаньдун өлкесінің Яньтай қаласы маңындағы теңізде электр энергиясын өндіруге арналған Қытайдағы алғашқы жартылай суасты теңіз фотоэлектрлік платформасы пайдалануға берілді. Электр қуатын өндіруге арналған платформаның көлемі төрт баскетбол алаңынан үлкен. Жалпы белгіленген қуаты 400 киловатт, 4 қалқымалы фалангпен жабдықталған, сағатына 400 градус электр қуатын тарата алады.

Демонстрациялық жоба ретіндегі бұл жартылай суасты жабдықтары жақын маңдағы сулардағы теңіз ғылыми-зерттеу базаларын электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Қытайда оффшорлық фотоэлектрлік жүйені дамытуға жағдай жасалған теңіз аймағының ауданы шамамен 710 000 шаршы шақырымды құрап, болжамды орнатылған қуаты 70 ГВт-тан асады. Сонымен қатар, құрлықпен салыстырғанда теңіз бетіндегі күн сәулесінің сыну көрсеткіші жоғары болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото