Такламакан шөліндегі құмдар топыраққа айналатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы Такламакан шөлінің кіндігіндегі Чершен ауданындағы «құмды топыраққа айналдыру» эксперименттік демонстрациялық жобасы аясында 4 айлық ауыр жұмыстан кейін бөріқұйрық шөпті сынап отырғызу сәтті болды. Бұл «құмды топыраққа айналдыру» экологиялық қалпына келтіру технологиясын енгізуге берік негіз қалады.

Бөріқұйрық шөп күн ұзақ түсетін өсу ортасына бейім. Ол аязға, ылғалға өте төзімді болғандықтан малдың жем-шөбі, құмды тізгіндейтін өсімдік ретінде пайдалануға болады. Құммен күресуде және қоршаған ортаны қалпына келтіруде бөріқұйрық шөптерінің интеграцияланған мүмкіндіктерін толық пайдалануды жалғастырады және Чершен ауданындағы құмды шөлдің топыраққа айналуына жаңа жол тапты.

Чершен ауданындағы құмды шөлді топыраққа айналдыру сынақ нысаны кезінде автоматты айналмалы және бүркпелі су шашу аспабы бір жолда шөлді жерге су мен тыңайтқышты бірге шаша алады. Сөйтіп бөріқұйрық шөптің сынақ атызы аумағы 80 му жерге жетіп, жақсы өсіп келеді.

Бүгінде Чершен ауданы Чершен өзенінің шығысындағы шөлді аймақта ұзындығы шамамен 25 шақырым және ені 1-7 шақырым болатын экологиялық жасыл дәліз салды. Жергілікті құмды боранды ауа райы айтарлықтай азайып, орташа жылдық жауын-шашын айтарлықтай өсті. Қашықтықтан зондтаудың спутниктік мониторингінің нәтижелері шөлдің Чершен ауданына деген зияны тиімді тізгінделгенін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото