Қаңтар-қараша айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,9 пайызды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 желтоқсан

Тұрақты экономикалық өсуді кемінде 6% деңгейінде қамтамасыз ету – ҚР Үкіметінің басты міндеті.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ға жеткенін баяндады.

Алдын ала жасалған қорытындыларға сәйкес қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда айналымы 2,6%-ға өсіп, $114 млрд-тан асты. Экспорт шамамен $65 млрд деңгейінде тұр, бұл ретте өңделген тауарлар экспорты шамамен $21 млрд-қа жуықтады, тауарлар импорты $49 млрд-тан асты. Жалпы Қазақстан республиканың оң сауда балансы $15 млрд-тан асады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото