Алғашқы «Қазақстан - Чжанцзякоу» Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы Сяхуаюань аумағына жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 желтоқсан

13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 желтоқсан күні сағат 11:00—де импортталған арпаның 50 контейнерін тасымалдаған алғашқы «Қазақстан-Чжанцзякоу» Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы Қытай теміржолы Бейжің бюросының Сяхуаюань жүк алаңына кірді. Бұл 29 тамызда Чжанцзякоуда Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы ашылғаннан бері оралған алғашқы халықаралық жүк пойызы.

Пойыздың кедергісіз келуі Чжанцзякоу - Еуропа (Орталық Азия) желісінің ресми екіжақты ашылуын және қос тарапты сауданың жүзеге асқанын білдіреді. Сол сияқты Сяхуаюань мен Чжанцзякоу аумағында мультимодальды көлік логистикалық тораптарын салудың маңызды негізін қалады. Бұл Чжанцзякоу қаласы үшін халықаралық сауданың жан-жақты арнасын құрудың айтарлықтай қадамы болды. Сыртқы әлемге ашықтық деңгейін арттыру, елорданың айналасындағы логистикалық тораптарды кеңейту және елордаға материалдарды жеткізу қызметтеріне кепілдік беру әлеуетін жоғарылату үлкен маңызға ие.

Кері оралған пойыз Қазақстаннан Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы елге кірді. Жүктің түрі - жемдік арпа. Оның жалпы салмағы шамамен 1391 тонна. Жалпы құны 3 миллион юаньнан асады және тасымалдау циклі 10 күн.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото