Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 желтоқсан

16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында бесінші халықаралық кинофестиваль ашылды, деп хабарлайды Kazinform dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Қытай теңізінің таңғажайып жағалауында Саньядағы Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер мен музыканттар жиналды.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында итальяндық режиссер Пьерджузеппе Зайидің «Creators: The Past» көркем фильмінің басты тақырыбы – «Across Endless Dimensions» композициясымен өнер көрсетті.

Сондай-ақ, әйгілі қытайлық актриса және әнші Лоу Исяомен (Loura) бірге кинофестиваль сахнасында Қытайдағы ең танымал әндердің бірі – «Жасмин» орындалды.

Димаш алғаш рет 2018 жылы Хайнань аралындағы кинофестивальге қатысып, әлемге әйгілі «My Heart Will Go On» композициясын – «Титаник» кинофильмінің саундтрегін орындады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото