Астана қаласында Халық газетінің Қазақстандағы электронды оқу айдарын іске қосу рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 желтоқсан

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 желтоқсан күні Астанада Қытай Халық газетінің(People's Daily)Қазақстандағы электронды оқу айдарын іске қосу рәсімі өтті.

Газеттің Қазақстандағы оқу айдарында Қытай басшыларының қызмет барысындағы ресми хабарлар, Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және технологиялық жаңалықтар, сондай-ақ бейнебаяндар туралы ақпараттар қамтылған. Айдардан жоғарыдағы жаңалықтарын қытай, ағылшын, қазақ тілдерінде оқуға болады.

Халық Газетінің электрондық оқу айдары - бұл басылымның цифрлық тарату платформасы. Халық газетінің электронды газетінің айдары бүкіл ел бойынша 20-дан астам өлкені қамтып, 17000 орынға ие болды. Сол сияқты 10 миллионнан астам орташа тәуліктік аудиторияны қамтып, интерактивті ауысудың жылдық көрсеткіші 100 миллионнан асты. Қазіргі уақытта Халық газетінің электронды оқу айдары Жаңа Зеландияда, Таиландта, Австралияда, Жапонияда, Индонезияда және басқа да елдерде құрылуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото