Сианьдағы қазақстандық терминал ресми түрде пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 желтоқсан

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 желтоқсанда еліміздегі алғашқы қазақстандық теміржол логистикалық инвестиция жобасы - Сиань терминалының жобасы ресми түрде аяқталып, Сиань халықаралық порты аумағында пайдалануға берілді. Жобаның аяқталуы Қытайда қазақстандық сауда-логистикалық тарату орталығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық Сиань терминалдың жобасы Сиань халықаралық порт станциясында орналасқан. Оның жалпы ауданы шамамен 120 му. Компания негізінен контейнерлерді «жедел жеткізу және жылдам алып кету» қажеттіліктерін орындау үшін, Сиань халықаралық порт станциясындағы контейнерлерді тиеу және түсіру алаңына жедел қосылатын жүк қоймалары мен контейнерлік деполарды салады.

Қытай-Еуропа Чанъань нөмірлі пойызы арқасында жоба Қытайдың қазақстан тауарлары импорты мен экспортын Сианьда жылдам жинап, таратуға ықпал етеді. Сол сияқты Қытайда қазақстандық сауда-логистикалық тарату орталығын орнықтырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото