Қытайлық компаниялар Қазақстанда 4 жаңа энергетикалық жобаға тендер жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 желтоқсан

27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанда жақында өткізілген жаңа энергетикалық жобалардың онлайн-аукционында қытайлық Songjiang mannatech Energy компаниясы жалпы қуаты 170 МВт болатын төрт жобаға тендер жеңіп алды.

Бүгінгі таңда Mannatech Energy Қазақстанда жалпы қуаты 800 МВт болатын 14 жаңа энергетикалық жобаға инвестиция салды. Олардың ішінде жалпы қуаты 380 МВт болатын 6 жаңа энергетикалық жоба электр желісіне қосылды және электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты шамамен 600 000 жергілікті тұрғынның электр энергиясына деген қажеттілігін қанағаттандыра алады, көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 1 миллион тоннаға азайтады. Жалпы қуаты 250 МВт болатын төрт жаңа энергетикалық жоба қарқынды салынып жатыр. Осылайша Mannatech Energy Қазақстандағы экологиялық таза энергияның ірі жеткізушісі болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото