- Барлық ақпарат
Қар-мұз спортына деген ынта-жігерді бала кезден жетілдіру қажет
26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Әр күні сабақтан кейін немесе демалыс күндері Ішкі Моңғол Хулунбуир қаласының Хайлар аумағындағы әуесқой спорт мектебі думанға бөленеді. Қақаған суық минус 30 градустан төмен болса да, жастардың мұз жаттығуларына деген ынтасы тым жоғары.
Тоғыз жасар Чжао Цзихаодың айтуынша коньки тебу оның сабақтан соң демалуының тиімді әдісі болып табылады. Он жеті жасар Ван И конькимен жүгіру өзінің кәсіби бағыты екенін жеткізді. Оның мақсаты бірінші дәрежелі ұлттық спортшы болу.
Хайлар аумағындағы әуесқой спорт мектебінің директоры Вэнь Цинбао соңғы жылдары мемлекет қар-мұз спортына үлкен мән бергенін атап өтті. Оның жас кезіндегі коньки тебуді үйрену қиыншылықтарымен салыстырғанда, қазіргі жастарға арналған жабық алаңдар коньки тебуге анағұрлым қолайлы. Бұл кәсіби және қауіпсіз жаттығуды қамтамасыз етіп отыр.
people.cn © People's Daily Online